Жаңа жылдық ертеңгіліктер

24-27 желтоқсан аралығында балабақшамызда жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Әдемі безендірілген зал, сәнді шырша, сыйлықтар, Аяз ата, Ақшақар және басқа да көптеген ертегі кейіпкерлері шытырман оқиғалар мен тосын сыйлар күтті. Барлық тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетті: би биледі, тақпақ айтты, ән айтты, ойнады. Аяз атаның балаларға берген сыйлықтары үлкен қуаныш пен эмоция тудырды! Мереке көңілді өтті және көптеген жағымды әсер қалдырды!