• Басты бет
  • /
  • “Үй жағдайында дәмді гимнастика”
“Үй жағдайында дәмді гимнастика”

“Аналар мектебі” жұмысы аясында ата-аналарға арналған “Үй жағдайында дәмді гимнастика” тақырыбында мастер-класс өткізілді. Біздің бөбекжайымызда балабақша мен ата-аналар арасындағы өзара байланысқа үлкен мән беріледі. Іс-шара жылы әрі қолайлы атмосферада өтті. Артикуляциялық аппарат бұлшықеттерін дамытудың маңыздылығы және оны жүзеге асыру үшін қандай әдістерді қолдануға болатыны туралы айтылды. Маңызды сұрақтар талқыланды. Практикалық бөлімде ата-аналар алған білімдерін бекітті. Бір шыны дәмді шәй үстінде, пайдалы жұмыс істегенімізге қуаныштымыз! Біздің іс-шараларымызға үнемі уақыт бөліп қатысатын ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Логопед: Каратаева Е.Н.