Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы – Қазақстанның көктемгі жаңару мерекесі. Қазақ халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады.
Наурыз мерекесі «Улыбка» бөбекжайында квест түрінде өтті. Ойын-сауық балаларды қазақ мәдениетінің ұлттық нақышымен таныстырды. Балалар қуана белсене қатысты, бекеттерді аралап, оларды Бауырсақ, Алпамыс батыр және Көктем-Айслу кейіпкерлері қарсы алды. Олар тапсырмаларды орындады, сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешті. Олар ән айтып, өлең оқып, би биледі. Олар «Тақия тастамақ», «Бәйге», «Арқан тарту» ойындарына қызу қатысты.
Мерекеде мейірімділік, көңілділік пен шаттық атмосферасы орнады. Мереке соңында балаларға қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ ұсынылды.