Наурыз мерекесі

"Улыбка" бөбекжай-бақшасында Наурыз мерекесі ересек және орта топтарда өткізілді. Зал қазақ мәдениетінің ұлттық нақышымен безендірілген. Мереке Наурыз туралы ән айтып, өлең оқудан басталды.
Мереке басында әже немересімен бірге келіп, балаларды қазақтың "Тұсау кесу" ұлттық салтымен таныстырды.
Мерекеде сиқырлы сандығы бар ақсақал көктемді табуға балаларға көмектесті. Балалар ақсақалдың сұрақтарына қуана жауап берді, тапсырмаларды орындады: өлең айтты, ән айтты, би биледі, жұмбақтар шешті. Ал, ойынсыз қандай мереке? Әрине, балалар "Бәйге", "Тақия тастамақ" қазақтың ұлттық ойындарын қуана ойнады, "Армреслинг" күш сынасу ойынын ойнады, ал ақсақал төрелік етті және де өзі қатысты.
Көктем сұлуы баршаны Наурыз мерекесімен құттықтады. Көктемге арналған балалар музыкалық аспаптарда музыкалық нөмір орындады.
Мерекелік шараға мұражай қызметкерлері қатысып, көрме ұйымдастырып, балаларды қазақ ұлттық ыдыстарының сан - алуан түрлілігімен таныстырды. Бұл мерекеге ерекше атмосфера сыйлады.
Мереке жарқын және достық жағдайда өтті. Дәстүрлі түрде мереке тәтті тағамдармен және бауырсақтармен аяқталды.