«Улыбка» бөбекжайында «Асық ойыны» облыстық балалар байқауының аудандық кезеңі өтті. Сайыста бөбекжайлардан «Улыбка», «Айналайын», М.Сералин атындағы жалпы мектебі, Бөрлі жалпы мектебі, Новотроицк жалпы мектебі қатысты. Балалар «Үш асық», «Омпы», «Крепость», «Бес асық» 4 ойын бойынша бақ сынасты. Аудандық кезеңде Айтбай Исламхан – 1 орын (Бөрлі жалпы мектебі), Букаев Эльдар – 2 орын (Новотроицк жалпы мектебі), Грекова Вероника – 3 орын ( «Айналайын» бөбекжайы) жеңімпаздар атанды. Олар облыстық кезеңнің байқауына қатысуға жолдама алды.
- Басты бет
- /
- «Асық ойыны»
«Асық ойыны»
