Көктем мерекесі қарсаңында балабақшамызда 8 наурыз әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер өтті. Аналар мен әжелер үшін құттықтаулар, әндер, билер, оркестрлер мен өлеңдер шырқалды. Мереке соңында балалар аналар мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етсе, ұлдар қыздарды құттықтады. Бұл іс-шаралар балабақшамыздың өміріне көктемгі қуаныш пен шаттық атмосферасын әкелді.