• Басты бет
  • /
  • 6. Тәрбиешінің уақытша бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
6. Тәрбиешінің уақытша бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің "Улыбка" бөбекжайы" КМҚК мемлекеттік тілде оқытатын және білім беретін тәрбиеші уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) лауазымға ұсынылатын педагог қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы. Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады. Құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.